Ресейде сотталуы керек күдіктілерді СҚО полицейлері ұстады

03.07.2023, 11:13
698
Ресейде сотталуы керек күдіктілерді СҚО полицейлері ұстады smartnews.kz

Көршілес елде сотталуы тиіс екі күдіктіні СҚО полицейлері ұстады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты

Жыл басынан бері солтүстік қазақстандық полиция қызметкерлері көршілес елдердің сұрауы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген 20 адамды анықтаған. Ведомствоның хабарлауынша, негізінен, ресейлік әріптестермен ынтымақтастық жүргізіліп жатқанға ұқсайды. 

Сондай-ақ кезекті жүргізілген жұмыстардың бірінде Армения аумағында алаяқтық жасауға қатысы бар күдікті анықталған. Айта кету керек, алаяқтық деректері ұрлық, жол-көлік оқиғаларымен бірге көрші елдердің сақшылары жіберетін сұрауларға жиі негіз болады. 

Бұдан бөлек, күзетпен қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы таңдалған тағы екі адам ұсталған. Олардың біреуі Өзбекстанға экстрадицияланды. Ол қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған. Екінші адамды сот үкімі күтіп тұр, ол Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілген. Сондай-ақ ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде Ханты-Мансийск автономды округінің және Санкт-Петербург қаласының аумағында 59 және 49 жастағы СҚО тұрғындары ұсталған. Біріншісін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлері, екіншісін ауыр ұрлық жасағаны үшін Петропавл полицейлері іздестірген. 

Аталған фактылерге қатысты СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев пікір білдірді.

- Мемлекеттердің ішкі істер органдарының тығыз қарым-қатынасы полиция жұмысының тиімділігін арттырады және жасалған қылмыстар үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыруға ықпал етеді, – дейді ведомство өкілі.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды