539

Желіде соққыға жығылып, қорлық көрген қыздың бейнежазбасы тарады

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі соққыға жығылып, қорлық көрген қыздың бейнежазбасын желіге жүктеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Желіде соққыға жығылып, қорлық көрген қыздың бейнежазбасы тарады
Видеодан алынған кадр

Оқиға Алматыдағы Абылай хан көшесінің бойында тәулікке жалға берілетін үйлердің бірінде болған.

Қалаға арман қуып, жұмыс істеуге келген жас қызды құрбысының таныстары алдап шақырып, артынша соққыға жығып, қинап, жезөкшелікке итермелеген. Ал бойжеткен ондай теріс жолға түскеннен, өлім артық деп үшінші қабаттан секіріп кеткен.

Абырой болғанда, аман қалды.