Қазақстанда жұмыс істейтін 9 банк жабылады

10.07.2023, 12:04
724
Қазақстанда жұмыс істейтін 9 банк жабылады smartnews.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат-жобасында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

- Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасын келісуден бас тартты.

Ал бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді. 2022 жылы агенттік осындай ұйымдардың басшысы лауазымына ұсынылған 10 кандидатты келісуден бас тартты, - деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.

Аталған жабылуы мүмкін банктер тізімі:

- Валют-транзит банк;
- Казинвестбанк;
- Delta Bank;
- Эксимбанк Казахстан;
- Банк Астаны;
- Qazaq Banki;
- Tengri Bank;
- AsiaCredit Bank;
- CapitalBank Kazakhstan.

Сонымен бірге былтыр қазақстандықтар тарапынан банк және микроқаржы секторындағы ұйымдарының жұмысына қатысты 35 мыңнан аса өтініш түскен.

Бұған қоса, аталған консультативтік құжатта елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қаржы қызметтеріне қолжетімділік деңгейі төмен екені жазылған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды