613

Каспий жағалауында 7 күнге созылған қамыс өрті сөндірілді

Атырау облысында Каспий жағалауында бірнеше күнге созылған қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Каспий жағалауында 7 күнге созылған қамыс өрті сөндірілді
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 13 шілдеде сағат 16:00-де қамыс өрті сөндірілген.

«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыш мониторингіне негізделген «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ақпаратына сәйкес, қамыс өртінің жалпы ауданы 910 га болған. Өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты. Күннің аптап ыстығы мен аумақтың сулы, батпақты жерінде қалың өскен қамыс өртін тез сөндіруге кедергі келтірген.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 6 шілдеде анықталған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелген.