Алаяқтықтың жаңа түрлері Threads әлеуметтік желісіне де жетті

17.07.2023, 12:43
616
Алаяқтықтың жаңа түрлері Threads әлеуметтік желісіне де жетті smartnews.kz

Threads әлеуметтік желісі іске қосылғанына көп өтпей, онда алаяқтық істер байқалып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Threads жаңа әлеуметтік желісі шыққаннан кейін бір аптадан соң оған 100 миллион адам тіркелген болатын. Қосымшаның үлкен танымалдылығына байланысты алаяқтықтың жаңа әдістері пайда болды. 

«Касперский зертханасы» сарапшылары жаңа әлеуметтік желідегі ақпаратты қолды қылатындардың мынадай жағдайларын анықтады:

Фишинг. Алаяқтар Threads-тің жалған веб-нұсқасын жасау арқылы жасырылған фишинг беттерді таратады. Егер сіз осындай ресурсқа аккаунт деректеріңізді енгізсеңіз, онда ол желі қаскөйлерінің қолына түседі. Threads желісі Instagram мен Facebook сияқты Meta қызметтерінің бірі болғандықтан, Threads-тен бөлек, басқа аккаунттарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан жіберілген сілтемені тексерген абзал.

Криптовалютаға инвестициялар. Тағы бір алаяқтық схема – жалған Threads Coin Cryptocurrency инвестициясына байланысты. Сіз оны басқа криптографиялық ақшаға – эфериум (Ethereum) арқылы сатып ала аласыз. Бұл схема арқылы инвестиция салдым деп, ақшасынан айырылғандар саны да күрт көбейді. 

Скам. Алаяқтар пайдаланушыларға жазылушыларды тегін көбейтеміз деген сілтеме жолдайды. Threads аккаунтта 10, 25 немесе 50 мың жазылушыны тегін алғыңыз келсе, тек комиссияның ақысын төлеуді сұрайды. Сонымен қатар, алаяқтар басқа адамдарға да осы акция сілтемесін таратуды сұрап, жеке мәліметтер мен ақшаны қолды қылады. 

Threads желісін жасаушылар мен «Касперский зертханасының» сарапшылары күдікті сілтемелер мен белгісіз мекен-жай хабарламаларынан сақ болуды ескертеді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді