Ақтөбеде құтырған түлкі ауыл тұрғынын талап, елді мекенге карантин енгізілді

18.07.2023, 15:35
898
Ақтөбеде құтырған түлкі ауыл тұрғынын талап, елді мекенге карантин енгізілді smartnews.kz

Ақтөбе облысының Қобда ауданына қарасты Жаманкөл ауылының тұрғынын құтырған түлкі талады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Вирусологиялық құтыруға тапсырылған ми сынамасының ИФА, ДПР, биосынаманың бактериологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетуіне байланысты Қобда ауданы Жарық ауылдық округі Жаманкөл ауылының «Ер-Темір» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Жарық ауылдық округінің әкімі Е.Имангазиннің шешімінде.

Құжатта көрсетілгендей, аталған ауыл тұрғынын су жағасында жүрген кезде құтырған түлкі қауып алған.

«Жаманкөл ауылының тұрғыны Марат Ер-Темір Кенжешұлын су жағасында жүрген уақытта түлкі тістеп алған. Азаматқа «Маңдай-мұрын аймағының түлкі тістеген жарақаты, балтыр және санның жырылған жарақаттары» диагнозы қойылды. Кейін түлкіні зардап шеккен тұрғынның әкесі өлтіріп, мал дәрігерлеріне хабар берген. Оның өлексесі мал қорымына апарып көмілді (залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді) және жануардан ми сынамасы алынды. Ол құтырмаға оң нәтиже көрсетті. Қазір «Ер-Темір» шаруа қожалығының басшысы К.М.Байжұмановтың иелігінде 130 бас ірі қара, 742 бас ұсақ мал, 144 бас жылқы және 3 ит бар», - деп жазылған шешімге қосымша берілген түсіндірмеде.

Профилактикалық мақсатта аталған елді мекендегі 1 948 бас малға құтырмаға қарсы вакцина жасалған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады