Оқу-ағарту министрлігі балалар лагерлерін лицензиялауды ұсынды

19.07.2023, 18:47
670
Оқу-ағарту министрлігі балалар лагерлерін лицензиялауды ұсынды pixabay

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жеке білім беру ұйымдарын тексеруге мораторийді алып тастап, балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Министрлік мұндай түзетулерді жекеменшік балабақшалардағы бірқатар келеңсіз оқиғалардан соң әзірлей бастаған.

"Біз заңнамаға түзетулер пакетін дайындадық және ол барлық білім беру ұйымына - балаларды дамыту орталығы, балабақша, мектеп немесе колледж болсын, жеке бизнес болса да, бәрібір, кедергісіз қолжетімді болуы керек. Мораторийді алып тастау керек", - деді Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар ол балалар лагерьлері талапқа мазмұны мен инфрақұрылымы жағынан сай болуы үшін оларды лицензиялауды енгізуді ұсынды.

"Лицензиясыз мектеп, колледж ашу мүмкін емес. Ал олар лагерьді қалай ашқан? Төсек қояды, асхана жасайды, аспаздарды әкеледі. Тіпті бұл туралы ешкімге де ескертпейді. Сондықтан лицензиялауды енгізу маңызды. Барлық лагерь талапқа сай болуы үшін лицензияны қабылдау керек", - деп қосты Насымжан Оспанова.

17 шілде күні интернетте Алматы маңындағы балалар лагерлерінің бірі туралы ақпарат пайда болды. Тұрмысы төмен отбасының балалары "Арман дала" лагеріне тегін жолдама алып, барады. Алайда олардың демалысы қорқынышты түске айналған. Онда балаларды сауна ғимаратына жайғастырған. Енді Алматы қалалық білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа бермек. Қалалық прокуратура екі бап бойынша тексеруді бастады. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің лагерьді тексермегені де белгілі болды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді