Қазақстандықтар маусым айында тарихта болмаған көлемде кредит алды

22.07.2023, 16:45
1429
Қазақстандықтар маусым айында тарихта болмаған көлемде кредит алды smartnews.kz

Маусым айындағы несие алу статистикасы белгілі болды. Бірінші кредит бюросы айдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл - тарихи максимум.

Берілген тұтынушылық кепілсіз кредит көлемі 800 млрд теңгеден асты. Бұл да рекорд.

Осы кредиттердің 56 пайызы кредит алғандардың 10 пайызына (207 мың адам) тиесілі.

Жалпы алғанда, клиенттердің бұл санаты 448,1 млрд теңгеге жаңа кредит алды. Әрқайсысы - 880 мыңнан 38 млн теңгеге дейін.

Несие алушылардың көбі әлдеқайда аз соманы қанағат етеді - жартысы 140 мың теңгеден аспайтын кредит алған. Маусым айында тұтынушылық кепілсіз несиені шамамен 2,1 млн адам ресімдеді.

Берілген автокредит көлемі - 130 млрд теңгеден астам. Мұндай бұрын болған емес.

Бір айда шамамен 2,5 млн адам жаңа несие алды. Бұдан сәл көбірек көрсеткіш 2022 жылдың қарашасында тіркелген.

Ал берілген ипотекалық қарыздың орташа көлемі біршама азайған. Маусым айында ол 15,4 млн теңгені құрады.

Бұл - жалпы жылжымайтын мүлік нарығындағы динамиканы көрсететін бір жылдағы ең төменгі мән.

Бір қызығы, ерлерге қарағанда әйелдер несиені ұқыппен уақытында төлейді. 90 және одан да көп күн кешіккен кредиттердің үлесі әйелдерде - 8,3%, ерлерде - 12,7%.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды