Стансадағы өрттен кейін жарықсыз қалған қарағандылықтарға электр қуаты шетінен беріліп жатыр

23.07.2023, 17:32
471
Стансадағы өрттен кейін жарықсыз қалған қарағандылықтарға электр қуаты шетінен беріліп жатыр smartnews.kz

Қарағандыда қосалқы станса өртенген соң жарықсыз қалған көшелерге біртіндеп электр қуаты беріліп жатыр. Абоненттердің 30% қосылған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Рүстем Қожақапанов алдағы сағатта электрсіз қалған барлық тұрғындар желіге қосылатынын айтты.

«Ажыратылған абоненттердің 30% қайта қосылды, енді 70% қалды. Біз оларды бір сағат ішінде қосамыз», - деді әкім орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда орталық көшелердің бірінде «Қарағанды Жарық» ЖШС қосалқы стансасында өрт болған.

Төтенше жағдай салдарынан қаланың бірнеше көшесі электр қуатынсыз қалды.

«23 шілде күні сағат 13:15-те Сәтбаев көшесіндегі өрт туралы хабар түсті. «Қарағанды Жарық» ЖШС қарасты №4 трансформаторда 15 шаршы метр аумақта трансформатор майы жанып жатты. ТЖД күш-құралдары 14:24 кезінде өртті сөндірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)