456

$20 300 АҚШ долларын сатпақшы болғандар ұсталды

Алматыда бір топ жеке тұлғалар криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатпақшы болған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

$20 300 АҚШ долларын сатпақшы болғандар ұсталды
smartnews.kz

Сақтап, оны сатуға әрекет жасау фактісін Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері анықтаған. 

Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленген. 

«Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді», - делінген агенттік хабарламасында. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы қолданылып жатыр.