583

Өртке қарсы комитет төрағасы мен Шымкент, Жетісу облысындағы департамент басшылары қамауға алынды

ТЖМ Өртке қарсы комитет төрағасы мен өңірлердегі департамент басшылары тұтқындалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Өртке қарсы комитет төрағасы мен Шымкент, Жетісу облысындағы департамент басшылары қамауға алынды
smartnews.kz

Астанадағы ауданаралық тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін пара алған.

«Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген», – делінген агенттік хабарламасында.