552

Астанадағы Қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысына қатысты іс сотқа жіберілді

Департамент басшысына қатысты іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеме берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанадағы Қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
smartnews.kz

Қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысы Әлия Қожабаеваның ісіне қатысты тергеу ісі аяқталған.

Күдікті қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион теңге залал келтірген. Осылайша қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылған.

Еске сала кетсек, Әлия Қожабаеваның ұсталғаны туралы ақпарат 17 мамырда белгілі болған еді.