Шоколадтағы тосын сый: елге есірткі алып кірмек болған Ресей азаматы ұсталды

25.07.2023, 17:43
535
Шоколадтағы тосын сый: елге есірткі алып кірмек болған Ресей азаматы ұсталды pinterest.com

Қостанай облысындағы «Қайрақ» шекара бекетінде ресейліктен Kinder шоколадына тығылған есірткі тәркіленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері «Қарасора 2023» жедел алдын алу шарасы аясында ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан «Kinder сюрприз» шоколадына салып өткізбек болған.

«Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. «Сізде тыйым салынған заттар бар ма?» деген сұраққа ер адам «иә» деп жауап берді. Есірткі заттары қайда тұрғанын сұрағанда, ол ішінде үш грамм марихуана болған «Kinder тосын сыйын» берді», - деді облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қазіргі уақытта екі бап – ҚР ҚК 286 «Контрабанда әрекеті», сондай-ақ ҚР ҚК 296-бабы «Есірткі құралдарын сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қарасора» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері полицейлер заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады