1407

Бала-шағасымен жолдан жүгіріп өтпек болған отбасының бір мүшесі апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Алматыдағы «барахолка» маңында жүк көлігі қызды қағып кетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бала-шағасымен жолдан жүгіріп өтпек болған отбасының бір мүшесі апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Бейнежазбадан

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Көлік ерсілі-қарсылы ағылып жатқан және жолдан өтуге рұқсат жоқ жер. Алайда, балаларының бірін көтеріп, енді бірін жетектеген ересек адамдар жылдам кесіп өтпек болған. Жолдың ортасына жетіп, арықарай жүгіре бергенде қыз бала апатқа ұшырайды, ал әйел адам бір баламен кейін шегініп үлгерген.