«Sincere System Group» қаржылық пирамидасын басқарушыларға сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

26.07.2023, 09:45
401
«Sincere System Group» қаржылық пирамидасын басқарушыларға сотқа дейінгі тергеу ісі басталды smartnews.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Sincere System Group» (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қаржы пирамидасының жұмысы дереу тоқтатылып үлгерген. ҚМА қызметкерлері белсенді азаматтардың көмегімен компанияның қызметін тоқтатып, алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. 

S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кіріс алады деп жалған уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құраған. Сондай-ақ, салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5% көлеміндегі сомаға кепілдік кіріс беруге уәде берген. 

Одан бөлек клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісім шарттар ұсынбаған. Салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, ал салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы қолданылып жатыр.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді