Қарағандылық тұрғын 3 жасар баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

27.07.2023, 14:23
499
Қарағандылық тұрғын 3 жасар баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр smartnews.kz

Қарағанды облысының Топар кентіндегі аудандық ауруханада 3 жасар бала көз жұмды. Сәбидің анасы дәрігерлердің тиісті жаза алуын сұрап отыр. Қазір медициналық мекемеде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, арнайы комиссия жұмыс істеуде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный кентінің тұрғыны Диана Жұмабекова ұлына медициналық көмек сұрап, дәрігерлерге бес рет жүгінгенін айтады. 12 шілдеде отбасымен өзенге барып келгеннен кейін баланың ыстығы көтерілген. Ұлының ыстығын түсіре алмағандықтан және ол құса бастағанын көріп, жергілікті медбикені шақырған. Ол балаға ыстықты түсіретін инъекция жасаған. Кешке баланың температурасы қайта көтеріліп, үйге жедел жәрдем шақырылған. Бірақ Диананың айтуынша, фельдшерлер бұл учаскеге қызмет көрсетпейтінін айтып, келуден бас тартқан.

Таңертең ұлымен бірге ол Топар ауылындағы аудандық ауруханаға барады. Аланның анасының сөзінше, сәбиді ол жерде де дұрыс тексермеген.

«Біз ауруханаға келдік, бірақ дәрігерлер жанымызға таянған жоқ. Біраз күттік, отырдық. Ал кезекші дәрігер тіпті, келмеді. Таңғы 9-дан 12-ге дейін Топар кентіндегі аурухананың қабылдау бөлімінде отырдық. Содан кейін хирург төмен түсіп, аяғын рентгенге түсіріп, онда ештеңе жоқ екенін айтты. Ол:»Мен не істеймін? Бұл менің құзыретімде емес!«, - деді. Ол бізге тұрғылықты жеріміз бойынша терапевтке баруды немесе аурухананың балалар бөліміне өз бетімізбен жүгінуді ұсынды. Бірақ ол жерге баруға жолдама берген жоқ және бізбен ілесіп бармады. Егер ауруханада камералар болса, олар менің қанша сағат отырғанымды көреді. Жалпы, мен екі күнде дәрігерлер көмегіне бес рет жүгіндім», - дейді Диана Жұмабекова.

Келесі күні баланың жағдайы нашарлай түскен. Ол аяғы солқылдап тұрғанын айтқан.

Диана ұлын алып, Топардағы аудандық ауруханаға қайта барған. Алайда күні бұрынғы жағдай қайталанған. Диана дәрігерлер сәбиін қайтыс болғаннан екі сағат бұрын ғана тексере бастағанын айтады.

«Біз Топар кентінің ауруханасына келдік, бірақ бізді үстіне бірден көтермеді. Алдымен қабылдау бөлмесіне қайта отырғызып қойды. Біз кешкі сағат 10-да келдік, бірақ баламды жансақтау бөліміне сағат 00.30-да ғана көтерді. Мен олардың ұлымды морфинмен ұйықтатқанын естідім, сонымен болды», - деп жылап отыр анасы.

Енді 3 жасар Аланның қайтыс болу себебін арнайы комиссия анықтамақ. Ауруханада дәрігерлердің немқұрайлылығына арнайы тексеру жүргізілуде. Әзірге олар баланың диагнозын нақтылап жатыр. Алайда, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде алдын ала диагноз қойылды.

«Бұл – ЖРВИ, катаралды ангина. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала диагнозы «базалды пневмония». Бірақ ол әлі де нақтыланады. Баланың стационарда төрт сағат ішінде қайтыс болғаны, бұл ретте 13 шілдеде жүгінгені және үшінші түні 15-ші шілдеде қайтыс болғаны – медициналық көмек көрсетуде қандай да бір дефектінің барын білдіреді. Оның біздің мамандар нақты анықтайтын болады», - деді Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департамент басшысы Ольга Смирнова.

Тексеру нәтижелері екі аптадан кейін дайын болуы керек, олар полицияға жіберіледі. Полиция департаментінде де барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па?