Тараз тұрғынынан 2 центнерге жуық каннабис тәркіленді

28.07.2023, 16:22
611
Тараз тұрғынынан 2 центнерге жуық каннабис тәркіленді polisia.kz

Жамбыл облысының Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны 2 центнерге жуық жабайы қарасорамен ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қарасора-2023» және «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шаралары барысындағы жедел іздестіру жұмыстарын Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.

«Алға ауылының «Қақпақты» учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған күдікті жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ, орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын тәркіленген зат «каннабис» есірткі заты екені анықталды. Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды