Ақмола облысында жұмысшы өзі қазған шұңқырға көміліп қаза тапты

29.07.2023, 09:41
899
Ақмола облысында жұмысшы өзі қазған шұңқырға көміліп қаза тапты stan.kz

Ақмола облысында шұңқырға көміліп қаза тапқан ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 шілдеде Ақкөл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне телефон арқылы Ақкөл қаласындағы «Наука-1» саяжайында су құбырын жүргізу кезінде ер адамның қайтыс болғаны туралы медбикеден хабар түскен.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы аттанды. Тәртіп сақшылары ені бір жарым метр, тереңдігі екі метр қазылған шұңқырды қарап шықты.

Осы күні сағат 16.30 шамасында 59 жастағы ер адам үй иесімен ауызша келісім бойынша су құбырын тарту үшін шұңқыр қазып жатқаны анықталды. Тереңдігі екі метрге жеткен шұңқырды қазу барысында топырақ опырылып, үйінді астында қалып қойған жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада. 

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды