Ауыл аманаты бағдарламасы үшін бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген

29.07.2023, 13:43
580
Ауыл аманаты бағдарламасы үшін бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген smartnews.kz

Бүгінгі Үкімет отырысында “Ауыл аманаты” бағдарламасын іске асыру жайы қозғалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Штаб отырысы барысында Мемлекет басшысының ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау мәселесі қаралды.

Биыл Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ 17 мың шағын несие беру жоспарланған. Ал ол ауылдарда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Дегенмен Бағдарламаны жүзеге асыруға он облыс қана белсенді түрде кіріскен. Ал жеті өңірде жұмыс қарқыны баяу. Бір өкініштісі, үш өңірде бірде-бір өтінім (Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Абай облыстары) мақұлданбаған.

- Халықпен белсенді жұмыс істеу керек. Аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері тұрғындармен тұрақты байланыста болып, микрокредиттің шарттары мен пайдасын түсіндіруге тиіс. 5-7 жылға 2,5%-бен несие беру өте тиімді шарт болып табылады. Мұны қарапайым тілмен және дұрыс түсіндіру керек, - дейді Смайылов.

Премьер-министр Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне берілген қаражаттың толық игерілуін, олардың мақсатты пайдаланылуын әрі уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ 2023 жылға арналған Бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізуді бақылауда ұстауды тапсырды.

52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған