Түркістандық ерлі-зайыпты лайдан тандыр пеш жасауды кәсіпке айналдырды

30.07.2023, 14:05
1078
Түркістандық ерлі-зайыпты лайдан тандыр пеш жасауды кәсіпке айналдырды Келес ауданының әкімдігі

Келес ауданында ерекше кәсіппен айналысатын ерлі-зайыпты тұрады. Отағасы Тимур Хашимов пен оның жұбайы Бибігүл Абдуллаева лайдан тандыр пеш жасап, мол табыс тауып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Тимурдың бұл кәсіпті қолға алғанына алты жылдың жүзі болған. Ол бір күнде 10-нан аса тандыр қалыбын жасайды. Жұмысы сапалы шығуы үшін сары, қызыл топырақты пайдаланады. Су араластырып, әбден илейді. Кейін қалыпқа салып, тандыр пешті дайындайды. Лайдан жасалған тандыр 5-6 күн бойы күн астына кебуі қажет. Содан соң саудаға шығарылады.

«Қолда барды ұқсатып, іс қылса, ешкім ешкімге алақан жаймайды. Табыстың көзі – еңбекте» - дейді Тимур.

photo

Жалпы ұста бір айда 360 тандыр пешін жасап, саудаға шығарады. Біреуінің бағасы 6 мың теңгеден басталып, сапасына қарай 100 мың теңгеге дейін жоғарылай береді.

Тимурға жұбайы Бибігүл де көмектеседі. Оның айтуынша, пеш жасаудың өзіндік қыр-сыры, қиыншылығы бар.

«Тандыр пеш жасауды қайын атамыз Өзбекстаннан үйреніп келген. Кейіннен ол кәсіпті үйдегі отағасы, бала-шағамызбен үйреніп алдық. Қазір күнкөріс табысымызға айналды. Әрине, бұл жаз мезгілінде ғана атқарылатын шаруа. Сондықтан бар күшімізді саламыз. Күніне 10-12 тандырға дейін жасаймыз. Кейде тапсырыс көбейген кезде 1 айда 150-200 данасын жасап шығарамыз. Әр апта сайын күйеуім оларды базарға алып шығады», – дейді ол.

Қазіргі таңда кәсіпкер отбасының қолынан шыққан пешті тұтынушылар көп. Бастапқыда тек Келес ауданындағы елді мекен тұрғындары сатып алатын болса, бүгінгі күні Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарынан арнайы іздеп келетіндер бар.

Сондай-ақ ерлі-зайыпты ауылдан наубайхана ашқан. Өздері жасаған тандыр пеште күніне 200-ден аса нан пісіріп, сатады. Қазіргі кезде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

photoКәсіпкер отбасы 2021 жылы наурыз айында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында грант жеңіп алған. Енді алдағы уақытта 2,5 пайыздық несие алып, екінші наубайхана ашуды жоспарлап отыр.
photo
photo
Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)