Өзінің 4 жасар ұлын өлтірген Ақтөбелік бас бостандығынан айырылды

01.08.2023, 16:59
402
Өзінің 4 жасар ұлын өлтірген Ақтөбелік бас бостандығынан айырылды smartnews.kz

Бүгін Ақтөбе соты өз ұлын өлтірген Ахуновқа қатысты шешім шығарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

4 жасар ұлы Данилді өлтірген қанды қол қылмыскерге өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Үш балалы 41 жастағы Ахунов өз ұлын басынан соққы беру арқылы өлтірген. Бұны сараптама қорытындысы да растады.

- 2022 жылдың 23 желтоқсанында Артур Ахунов 4 жасар ұлы суық тиіп ауырған соң, еркелік көрсеткеніне әкесі ашуланып, өз эмоциясын басқара алмаған. Ұлының бас, бет және іш аймағына бірқатар соққылар жасаған. Бала есінен танып, қылмыс орнында ашық ми жарақатының салдарынан қан кетіп қайтыс болған. Келесі күні әкесі қылмысты жасыру мақсатында ұлының мәйітін бос жерге жерлеген, - деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ұлының бірнеше рет құлағанын мәлімдеді. Қайтыс болған ұлын көргенде, ер адам абдырап қалғанын жеткізді. Не болғанын ешкімге айтпай, тереңдігі 2 метрден асатын шұңқыр қазу үшін экскаватор жалдаған. Баланы жерлеген соң Артур Ахунов бірнеше күннен кейін полицияға ұлы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. 

- Қылмыстық істі қарау кезінде заңнама талаптарын өрескел бұзғаны, жауапты лауазымды тұлғалардың өздерінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін сот Ақтөбе облысының полиция департаменті мен білім басқармасының атына жеке қаулы шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп қорытындылады сот.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды