«Матраспен тосып алдық»: Алматыда терезеден секірген адамдарды кім құтқарғаны белгілі болды

01.08.2023, 20:54
533
«Матраспен тосып алдық»: Алматыда терезеден секірген адамдарды кім құтқарғаны белгілі болды Бейнежазбадан

Өрт енді басталғанда ақкенттік жігіттер Ерік Төкенұлы мен Дәулетқали Нұрлан төрт досымен сол маңда сыртта тұрған. Олар өрт сөндірушілер келгенге дейін, одан кейін де құтқару жұмысына басынан аяғына дейін қатысыпты. Кілемді тауып әкеліп жүрген де солар екен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Есік алдында төрт досыммен тұрған едік. Ақырындап алдымен түтін шыға бастады. Ешкім жоқ ол кезде. Алдымен бірнеше баланы, хиджаптағы қызды алып шықтым. Одан кейін түтін қоюланып кетті. Жоғары қабаттан жаймаларды бір-біріне байлап, тағы бір баланы түсірдім. Төменде жігіттер оны қағып алды. 15-20 минутта 4 рет осылай көтеріліп шықтым. Одан кейін бізді ғимаратқа жолатпай қойды. Арнайы рұқсат жоқ, бетперде жоқ деп, дейді Дәулетқали Нұрланұлы. 

Дәулетқали осы кезде бірінші қабаттағы пәтердің бірінің терезесінен кілем, матрасты көргенін айтады.

Терезені шақтық та оларды алып шықтық. Олармен кем дегенде 7-8 адамды тосып алдық, - дейді. 

Ал Ерік Төкенұлы есінен танып қалған үлкен кісіге жасанды жолмен дем беріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткенін айтады.

Бір кезде есін жинады, жедел жәрдем көлігіне салып жібердік. Бір әйел 6-қабаттан екі баласын лақтырды. Матраспен тосып алдық. Одан кейін өзі және әпкесі секірді. Сол кезде өзі есінен танып қалды. Оған да дем беріп, есін жидырды, дейді Ерік Төкенұлы. 

Оның айтуынша, зардап шеккендер арасында қолы, жамбасы сынғандар бар көрінеді.

От күшейгенде ерікті жандар 16-қабатқа кранмен көтерілген екен. 

Ол осы маңдағы құрылыс компаниясына тиесілі екен. Соларға және осы арадағы «Әсия» дүкенінің қожайынына алғыс айтамыз. Дүкен иесі су, сүт, айранның барлығын тегін таратты, дейді Дәулетқали Нұрланұлы. 

Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді