Ақкент тұрғын үй кешенін салушы мердігер компания марқұмның отбасына екі бөлмелі пәтер береді.
Мердігер компания «Ayt Housing Complex» Әсел Бекмұхамбетованың отбасына тегін екі бөлмелі пәтер берілетінін хабарлады.
Сонымен қатар, мердігер компания өртенген пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстарын өздері жүргізбекші.
Еске сала кетсек, 1 тамыз күні Алматыдағы «Ақкент» тұрғын кешенінде өрт шығып, 250-ге тарта адам эвакуацияланған еді. 43 адам ауруханаға жеткізілді, оның 26-сы бала, екеуі жүкті әйелдер. Кәмелетке толмаған 4 бала жансақтау бөліміне түсті. Ауыр жарақат алған Әсел Бекмұхамбетова қайтыс болды.