Сарайшықта өтетін ұлттық құрылтайда Қасым хан ескерткіші ашылады

03.08.2023, 18:50
1207
Сарайшықта өтетін ұлттық құрылтайда Қасым хан ескерткіші ашылады e-history.kz

Атырау облысындағы Сарайшықта өтетін келесі ұлттық құрылтайда Қасым хан ескерткіші ашылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламановтың айтуынша, 2024 жылы ұлтымыздың ұлы тұлғасы Қасым ханның ескерткішін ашу жоспарланып отыр.

«Атырау – тарихи орындарға, ескерткіштерге бай өңір. Қазір облыста 317 тарихи ескерткіш бар. Оның 313-і жергілікті, 4-еуі республикалық деңгейде қорғалатын ескерткіш. Республикалық маңызы бар ескерткішке Атырау қаласындағы Мұнайшылар қалашығы, Жылыой ауданындағы Жұбан күмбезі, Индер ауданындағы Махамбат Өтемісұлы кесенесі мен Махамбет ауданындағы Сарайшық қалашығы жатады. Тарихи-мәдени мұра нысандарының есепке алу тізімінде 1 128 ескерткіш тіркелген. Алдын ала есепке алу кезінде 48 ескерткішке тарихи-мәдени сараптама жүргізілді. Сараптаманың оң қорытындысы алынған соң 26 нысан облыс әкімдігінің қаулысымен Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізіледі. Қазір жергілікті маңыздағы 92, республикалық маңызы бар 1, жалпы 93 тарихи-мәдени ескерткішті қорғау аймағы анықталып, бекітілді», - деп хабарлады Әбіл Жоламанов.

Оның айтуынша, Қасым хан ескерткішінің үздік жобасын анықтау үшін ашық конкурс жарияланған.

«Келесі жылы Сарайшық ауылында Қасым ханның ескерткішін орнату көзделіп отыр. Осыған байланысты конкурсқа түскен жобалар алдымен Атырау облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияда қаралады. Үздік жобалар pеспубликалық монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияға ұсынылады», - деп мәлім етті Әбіл Жоламанов.

Алайда, аталған ескерткішті жасауға, орнатуға бөлінетін қаржы көлемі әлі нақтыланбаған. Қасым хан ескерткішін келесі жылы Сарайшықта өтетін Ұлттық құрылтайға дейін аяқтау көзделіп отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды