Жамбыл облысы Меркі ауданындағы дала өрті оқшауланды
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Жұмылдырылған ТЖМ бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының бірлескен әрекетінің арқасында Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды», - делінген хабарламада.