789

Астанада 7 млн теңгені құрайтын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз өнімдерді айналымнан алып тастады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанада 7 млн теңгені құрайтын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
astana_mkd

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейдтік іс-шараларды өткізу барысында вейп, кальянға арналған және электрондық темекі өнімдеріне сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) 5 360 темекі бұйымын анықтады. Жалпы сомасы 7 841 500 теңгені құрады.

Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды.

Нәтижесінде, тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.