Алматы облысында оқушылардың төбелесі өліммен аяқталды (видео)

06.08.2023, 15:02
1448
Алматы облысында оқушылардың төбелесі өліммен аяқталды (видео) stan.kz

Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болып, соңы өліммен аяқталды. 17 жастағы жігітті атып кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 5 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек Би ауылында түнде оқушылар арасында төбелес болды. Сол кезде мылтықтан оқ атылды. Бір үйдің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Денесінде оқ жарақаты болды.

"Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды", - дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 293 – бабы (Бұзақылық) бойынша жауапқа тартылғандар бар. Айта кетері, адам өлтіру бабы бйоынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған