8 жастағы бала жалғыз болған: Өскеменде тұрғын үйден өрт шықты

08.08.2023, 17:41
480
8 жастағы бала жалғыз болған: Өскеменде тұрғын үйден өрт шықты ШҚО ТЖД

Өскемен қаласында 8 жастағы бала жалғыз қалған үйде өрт шығып, көршісі мен полицей көмекке келді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Өскемендегі Виноградов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққан.

9-шы қабаттағы пәтердің балконы отқа оранды. Сол кезде үйде 8 жастағы бала жалғыз отырған. Осы маңда келе жатқан полиция қызметкері Жандос Рахметұлы мен көрші тұратын Думан Рахымбаев өртті байқап, бірден көмекке ұмтылды.

«Олар пәтерге кіріп, өртті өз күшімен сөндіре бастады. Арасында өрт сөндірушілерді де шақырып үлгерген. Оқиға орнына жылдам келген ТЖД қызметкерлері 4 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды ауыздықтады», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалынның шығу себебі – кондиционерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Отпен күреске барлығы 7 техника мен 22 адам жұмылдырылды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады