Ақмола облысында есірткі сайттарын жарнамалаған екі петропавлдық сотталды

08.08.2023, 19:55
551
Ақмола облысында есірткі сайттарын жарнамалаған екі петропавлдық сотталды smartnews.kz

Ақмола облысының аумағында есірткі сайттарын насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін Петропавл қаласының екі тұрғыны бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмысты Ерейментау қалалық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы танысы есірткі заттарын сатумен айналысатын сайттың заңсыз жарнамасын насихаттау және орналастыру мақсатында Ақмола өңірінің аумағына арнайы келген. Олардан заттай дәлелдемелер ретінде трафареттер мен аэрозольдік бүріккіштер тәркіленді.

Алғашқы тергеу әрекеттері барысында жастар өз кінәсін мойындамады, тергеушілерге сайттың тақырыптық бағыты туралы білмегенін айтып ақталмақ болады. Алайда ер адамның телеграмм қосымшасы арқылы жоғары ақы төленетін жұмыс тауып, кейін өзінің танысын тартқаны анықталды. Олардың міндеті тыйым салынған препараттарды насихаттайтын және сататын сайттарға сілтемелерді тарату болды. Оларға «жұмыс берушісі» әр жазба үшін белгілі бір ақы төлеуге уәде еткен.

«Сот үкіміне сәйкес, есірткі заттарын заңсыз жарнамалауды насихаттағаны үшін (ҚР ҚК 299-1-бабы) Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы сыбайласына 3,5 және 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады», - деді ведомстводан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды