ITS өзінің ITS World Index және ITS Shariah Index индекстерін іске қосты

10.08.2023, 13:48
552
ITS өзінің ITS World Index және ITS Shariah Index индекстерін іске қосты smartnews.kz

ITS халықаралық сауда алаңы 2023 жылдың 10 тамызында Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де өзінің алғашқы ITS World Index және ITS Shariah Index жеке қор индекстерінің мәндерін жариялай бастады.

ITS World Index (тикер: ITSW) - ITS – тің негізгі индексі. Индекс  Қазақстанмен қоса Америка, Еуропа және Азия өңірлеріндегі 50 ірі компанияларды қамтиды.  2020 жылдың 7 мамыры мен 2023 жылдың 9 тамызы аралығындағы бэк-тесттер кезеңінде Индекстің модельдік тарихи кірістілігі 64,85% құрады. Бұл Hang Seng (-20.83%) және S&P 500 (56.16%) жаһандық индекстерінің сол кезеңіндегі нақты кірістіліктен асып, Nasdaq-100-ден ғана (65.65%) аз болды.

ITS World Index бэк-тесттер кезеңінде Nasdaq-100, S&P500 және Hang Seng-пен салыстырғанда ең төмен құбылмалылық көрсеткіштерінің бірін көрсетті және динамика тұрғысынан жоғары болды.

ITS World Index бэк-тесттер нәтижелері

ITS World Index-нің топ-30 акциялар тізіміне келесі ірі халықаралық компаниялар кіреді: Американдық  Apple, Microsoft, Alphabet, Amazon, Berkshire Hathaway, Tesla, Meta және NVIDIA, Еуропалық AstraZeneca, Shell, Novartis, SAP, азиялық  Asian Alibaba Group, Toyota, Sony, JD .com, Қазақстанның Kaspi.kz, ҚазМұнайГаз. Қазақстандық бағалы қағаздар бойынша мәліметтерді Astana International Exchange (AIX) ұсынған.

ITS World Index үйлесімді диверсификацияланған: индекс құрамындағы топ- 10 бағалы қағаздың үлесі 30%, топ- 20 бағалы қағаздың үлесі 50%, бір эмитент бойынша шоғырлану шегі 10% шектелген.

ITS World Index есептеу базасы тексеріліп, үш айда бір рет қайта теңестіріледі (4 қараша, 4 ақпан, 4 мамыр, 4 тамыз). Индекс мәндері нақты уақыт режимінде Астана уақытымен келесі күні сағат 11:00-ден 03:00-ге дейін ITS сауда-саттық уақытында жаңартылады. Бағалы қағазды Индекске енгізудің маңызды шарты оның жоғары өтімділігі болып табылады және бұл Индекстің репликациясын қамтамасыз етеді.

ITS Shariah Index (тикер: ITSS) Шариғат тәуелсіз сарапшысы Sahih Invest-пен бірлесіп жасалған. Индекс Шариғат талаптарына сай және ITS-те айналымдағы 30 ірі компанияның акцияларын қамтиды. Акцияны іріктеу әдістемесі DFM және AAOIFI стандарттарына сәйкес келеді және Татарстан республикасы Мұсылмандары Діни Басқармасының Ғұламалар Кеңесімен аккредиттелген.

ITS Shariah Index 2020 жылдың 7 мамырынан 2023 жылдың 9 тамыз аралығында бэк-тесттер кезеңінде жаһандық Шариғат индекстеріне ұқсас динамика көрсетіп, алтыннан айтарлықтай асты.

ITS Shariah Index бэк-тесттер нәтижелері

ITS Shariah Index – інің топ-10 құрамына Tesla, Visa, Exxon Mobil, Amazon, Johnson & Johnson, The Procter & Gamble, Chevron, Merck & Co, Adobe, Salesforce және Cisco сияқты ірі халықаралық компаниялардың бағалы қағаздары кіреді.

ITS Shariah Index сала бойынша да, онда ұсынылған ірі халықаралық компаниялардың шоғырлануы бойынша да үйлесімді диверсификацияланған: индекс құрылымындағы топ-10 бағалы қағаздың үлесі 40%, топ- 20 бағалы қағаздың үлесі 60% құрайды әрі әрбір эмитент үшін шоғырлану шегі 10% шектелген.

ITS индексті есептеу базасын тексеріп, оны айына бір рет 4-ші күні қайта теңестіреді. Индекс мәндері нақты уақыт режимінде Астана уақыты бойынша келесі күні сағат 11:00-ден 03:00-ге дейін ITS сауда уақытында жаңартылады.

ITS World Index және ITS Shariah Index үздік әлемдік тәжірибеге және халықаралық институттар мен реттеушілердің талаптарына сәйкес келеді.

«ITS индекстерінің екі мақсаты бар. Біріншіден, инвесторлар Лондон мен Гонконг арасындағы уақыт белдеуіндегі Астана уақыты бойынша келесі күні таңғы сағат 11:00-ден 03:00-ге дейін нақты уақыт режимінде әлемдік нарықтағы жалпы жағдайдың сапалық көрсеткішін алады», - деді ITS басқарушы директоры Александр Дьяковский, - Екіншіден, ITS Қазақстан Республикасының қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп және АХҚО қолдауымен оның индекстері бойынша биржалық сауда қорларын құру жұмыстарын бастады. Нарыққа кірген бойда кез келген инвестор индекске енгізілген әлемдік компаниялардың акцияларының портфелін бірден сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Ол бүггінгі күні аймақтағы кез-келген ұсыныстардан арзанырақ, өтімді және қолжетімді болады. Сондықтан, біз ITS индекстерін іске қосу бүкіл Орталық Азия үшін АХҚО-да заманауи биржалық қорлар (ETF) индустриясының орталығын құру жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз».

ITS туралы ақпарат

ITS - өтімділіктің халықаралық хабы. Сауда-саттықта 1666 бағалы қағаз шығарылды. ITS алаңы инвесторларға best execution принципіне және smart order routing технологиясына негізделген бизнес моделінің арқасында әлемдік қаржы нарығының ең жақсы бағалары бойынша және кез келген көлемде мәмілелер жасау үшін сатылатын бағалы қағаздардың терең өтімділігін қамтамасыз етеді.

ITS бойынша ұзартылған сауда сессиясы күніне 16 сағатты, аптасына бес күнді құрайды, Астана уақыты бойынша келесі күні сағат 11:00-ден 03:00-ге дейін, осылайша жетекші Азия, Еуропа және Америка қор биржаларының жұмыс уақытын қамтиды.

 

Қытайдағы алғашқы кеңестік стажировка: танымал тұлғалардың іздері Профессор Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті «Біздің қоғам – орыс қоғамы»: Мұхтар Мағауин Қазақстаннан неге кетті және неліктен АҚШ-та жерленеді «Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға ғана сотталған Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қазақстаннан кетті Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды «Ақша керек болды»: Рүстем Жаныаманов Інжілді дыбыстағаны үшін қанша ақша алғанын айтты «Қартайғанша сахнада жүргім келмейді»: Ердос Қанаев өнерден кететінін айтты «Өмірбақи жүре берген дұрыс емес»: актер Рүстем Жаныаманов өнерден кететін айтты Жас әнші Ержан Максим еліміздің намысын Дубайда қорғап, жеңімпаз атанды Антикор Қаржаубай Нұрымовқа қатысты істің қай баппен тергеліп жатқанын айтты Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді Жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді «Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар»: актер Жанболат Найзабековтың бесінші перзенті дүниеге келді (видео) Мектеп оқушысы электронды темекіден қайтыс болды Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға қарсы санкция енгізді Көкшетауда жұмысқа ерте келген кіші қызметкер кітапхананың жарты қоры мен сирек жазбаларын өрттен сақтап қалды «Бұлай болмауы керек!»: Оқу-ағарту министрлігі 9 жасар қыздың «жынын» шығарған емшіге қатысты «Бас сүйегінің жартысын алып тастаған»: шырша безендіруге жегіліп мертілген мұғалімнің әйелі биліктен өтемақы талап етті (ВИДЕО) АҚШ-тағы орман өрті: «Болашақ» орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады