"Мақпалдың да кесірі тиді". Генерал Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты деректермен бөлісті

10.08.2023, 17:45
3060
"Мақпалдың да кесірі тиді". Генерал Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты деректермен бөлісті stan.kz

Генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовті еске алды.

Генерал марқұмның өзіне өзі қол жұмсағанына сенбейді.

“Мақпал Жүнісовамен кездестім. Екеуміз жақсылап тұрып әңгімелестік. Ол кісі де біраз әңгімесін айтты. Мен де Заманбек туралы жақсы айттым. Бірақ уақыт келеді деп айттым. Бірақ мен деп айтқан жоқпын, себебі оны Ішкі істер министрлігі қарады. Мен Заманбектің өлімін тексеріп, барған жоқпын. "Өз-өзін үш рет махаббат үшін атпас еді" деп айттым. Сондықтан ол өз-өзін атқан жоқ", - дейді ол.

Амангелді Шабдарбаевтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов бір кездері достық қарым қатынаста болған.

“Алдында Нұрсұлтан Назарбаев пен Заманбек Нұрқаділов қатты дос болды. Назарбаев Заманбекке "сенің жақсылығыңды ұмытпаймын" дегендей айтты. Соған Заманбек қатты сенді. Содан кейін кішкене арақ ішті. Мақпалға үйленді. Сондай жасай бастағанда, елдің бәрі Назарбаевқа "мынаны бүйту керек, сүйту керек" деді. Сонда марқұм Заманбек пен Терещенко екеуі сөзге келіп қалыпты. "Мені телефонмен Заманбек боқтады" деп Терещенко жүгіріп келді. Президент Заманбекке "неге боқтайсың" деді. Сонда Заманбек "мен боқтаған жоқпын" депті. Сөйтіп Назарбаев Терещенко жағын қолдады да, Заманбекке тиісті. Сөйтіп, сөзден сөз шығып, екеуінің арасы жаман болып кетті. Ол кезде Мақпалдың да кесірі тиді. Айта береді ғой. "Сенен Назарбаев қорқады, сені пайдаланды" деген сөздер шығар. Ана кісі сөзінде тұрмаған ба, Заманбек қатты-қатты сөйлей бастады. Оны кім өлтіргені белгісіз, мен де білмеймін", - дейді генерал.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?