Үш жүктілігі сәтсіз болған: Әйел перзентхананың терезесінен секіріп кетті

11.08.2023, 13:31
2094
Үш жүктілігі сәтсіз болған: Әйел перзентхананың терезесінен секіріп кетті stan.kz

Алматы облысы Қаскелең кентіндегі перзентханада жатқан әйел үшінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы видеоны заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева өзінің Іnstagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада дәрігерлер оқиғаның қалай болғанын баяндап береді.

«Үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ол баласы 26 аптасында тағы солай келді. Жоспарлы түрде отаға алынды. Үш баласын да жоғалту оңай емес қой. Босанудан кейінгі күйзеліске түсті ме? Қасында дәрісін беріп, медбике тұрған. Медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Бала ішінде қайтыс болған. УЗИ-де анықтаған, қозғалмай қалған екен, баланың жүрегі тоқтаған, солай перзентханаға түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген», - деді перзентхана өкілі.

Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, әйел 3-қабатта орналасқан жансақтау бөлімінің терезесінен секіріп кеткен.

«Пациент 37 жаста. Операциядан кейін 4 күн реанимацияда болды. Босанғаннан кейін қатты күйзеліске түсіп, емделуден бас тартты, өзін агрессивті ұстады. Оны барлық арнайы мамандар: анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург тексерді. Барлық қажетті сараптамалар жасалып, толықтай емделіп жатыр», - деп хабарлады аурухана әкімшілігінен.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол