Зейнеткерлерімізді сан соқтырған ресейлік алаяқтармен қалай күресеміз

11.08.2023, 15:49
650
Зейнеткерлерімізді сан соқтырған ресейлік алаяқтармен қалай күресеміз smartnews.kz

Полиция қызметкері smartnews.kz тілшісіне алаяқтық жөніндегі жан түршігерлік фактілерді жеткізіп, сондай-ақ сақтық шараларымен бөлісті.

Елімізде алаяқтық бойынша тіркелген фактілер күн өткен сайын көбейіп келеді. Полицейлердің жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде азаматтардың әлеуметтік осал санаты, дәлірек айтқанда, зейнеткерлер алаяқтардың арбауына көп ұшырайтыны белгілі болған. Жыл басынан бері Астананың өзінде осындай мазмұндағы алаяқтықтың 70 фактісі тіркелген.

Астана қаласы Полиция депатаменті (ПД) Криминалдық полиция басқармасының (КПБ) аға жедел уәкілі полиция майоры Жандос Жомартұлы Яхшиликовтың айтуынша, қылмыскерлер жәбірленушілерге туыстарының немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кейіпінде хабарласады. Әрі ұялы телефонға емес, стационарлық абоненттік нөмірлерге қоңырау шалады. 

Қарттарға хабарласқанда, алаяқтар заң бұзушылықтарды шешу мақсатында зейнеткерлерге жақын туыстарының атынан хабарласып олардың көлік апатына түскені туралы айтады. Өздерін полиция қызметкерлері екендігініне сендіріп қарт кісілерден үлкен көлемде ақша сұрап, тез арада өздерінің адамдары келетінін айтып ақшаны қолма-қол берулерін сұрайтын көрінеді. Осылайша алаяқтық жолмен қариялардың қомақты қаржыларын иемденеді. Алаяқтар қарттардың қаржылық, құқықтық сауатсыздығын және психоэмоционалды жағдайын оңтайлы пайдаланып келеді.

Осындай қылмыстардың жалпы схемасы туралы полиция мынадай ақпарат берді:

— Қылмыскерлер жәбірленушілерге қалалық үй телефондарына хабарласып, туыстарыңыз жол-көлік апатына түсті деп хабарласады. Ақша талап етіп, адреске қолма-қол ақшаны алу үшін Яндекс арқылы курьерлерді жібереді. Кейін дропперлер (делдалдар) арқылы курьерден алынған ақшаны ресейлік шоттарға салып отырады. Дропперлер әдетте Telegram желісі арқылы жұмыс жасап, алданғандардың берген ақшадан 5-10%-ын өздеріне алып отырады, – дейді полиция қызметкері.

Сондай-ақ Жандос Жомартұлы қазіргі уақытта профилактикалық шара ретінде стационарлық абоненттік нөмірлері бойынша алаяқтық жасау тәсілдері мен осындай қоңырауларды қабылдау кезіндегі іс-қимыл алгоритмін ойластырып автоматты түрде халықты ескертіп, хабардар ету үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе жұмыс атқару мақсатында, басшылығына ұсыныстар жіберілгенін айта кетті.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін полиция қандай шара қолдануға шақырады?

— Телефонға келіп түскен бейтаныс нөмірлерге мұқият болыңыз;
— Бөгде нөмірден жақыныңыз ретінде хабарласса, оның өз нөміріне қоңырау шалып, мән-жайды анықтаңыз;
— Өзіңіз туралы немесе жақындарыңыз туралы ақпаратты танымайтын адамға бермеуге тырысыңыз;
— Бастысы полиция қызметкерлері ешқашан мәселеңізді шешіп береміз деп тікелей қонырау шалмайтынын есте сақтаңыз!

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды