19 жастағы петропавлдық 500 литр арақты заңсыз сатпақ болған

11.08.2023, 16:19
507
19 жастағы петропавлдық 500 литр арақты заңсыз сатпақ болған smartnews.kz

Петропавлда полицейлер 19 жастағы тұрғыннан акциздік маркасы жоқ 500 литр алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына «Жас өркен» шағынауданындағы гараждардың бірінде акцизсіз алкоголь өнімі сақталуы мүмкін деген жедел ақпарат түскен. Шұғыл шараларды жүргізу барысында полицейлер облыстың 19 жастағы тұрғынын ұстады. Жігіттің гаражында акциздік маркасы жоқ 0,5 литрлік мыңдаған бөтелке табылды. Олардың ішінде арақ болған. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литр.

Бұл факт Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша («кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру») бойынша әкімшілік материал жинады. Қазіргі уақытта алынған сұйықтық сараптамаға жіберілді. Гараж иесінің айтуынша, ол алкогольді одан әрі сату үшін сақтаған.

«Жыл басынан бері бөлімше қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкоголь өнімін алды. Бұл бағытта жұмыс жалғасын табады», - деді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады