Ер адам қомақты қаржы салынған диванын қателесіп қайырымдылық дүкеніне беріп жіберген

13.08.2023, 12:46
1118
Ер адам қомақты қаржы салынған диванын қателесіп қайырымдылық дүкеніне беріп жіберген smartnews.kz

Аустралиядағы Квинсленд штатының тұрғыны қомақты қаржы жасырылған диванды қайырымдылық дүкеніне беріп жіберген. Ақшасынан айырылғанын ол бірнеше аптадан соң біліпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылдың басында ер адам кішірек үйге көшкендіктен сұр-қоңыр түсті диванын қайырымдылық дүкеніне берген. Ол үйінде бес секциялы диванның тек екеуін қалдырыпты. Дивандағы жастыққа ақша жасырғаны тек бірнеше апта өткен соң есіне түскен. Ол 30 мың аустралиялық долларды үйінде қалдырған секциялардың бірінде деп ойлаған. Алайда қателесіп, дүкенге дәл ақша салынған секцияны беріпті.

Бірден дүкенмен хабарласқанда оған диванды бергеннен кейін бірнеше күннен соң алып кеткенін айтыпты. Сатып алушы жиһазды өзі жеткізгендіктен, мекенжайы да сақталмаған.

"Ең өкініштісі, ақшаны өзім бердім. Қандай ақымақтық жасағаныма сене алмаймын", – деп жазды ол.

Ақшаны қайтара алмайтынын біле тұра ол әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Әрі қаржыны мұқтаж адам алды деп үміттенеді.

"Көмекке мұқтаж адамдар өте көп. Бәлкім, бұл ақша біреудің өмірін өзгерткен шығар",  деп қосты ол.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды