Үш баласымен саңырауқұлақ теруге шығып жоғалып кеткен әйел табылды

14.08.2023, 09:50
535
Үш баласымен саңырауқұлақ теруге шығып жоғалып кеткен әйел табылды smartnews.kz

Алматы облысында құтқарушылар саңырауқұлақ теруге кеткен әйел мен оның үш баласын тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

12 тамызда әйел үш баласымен бірге жол талғамайтын көлікпен Асы үстіртіне қарай саңырауқұлақ теруге кетіп, кешке үйге оралмаған. Оның ұялы телефоны өшірулі болған. Балалардың әжесі алаңдап, құтқарушыларға хабарласты, - деп жазылған хабарламада.

Қоңырау түскеннен кейін төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы отбасын іздеуге шықты.

Ресми хабарламаға сәйкес, іздеу жұмыстары түні бойы жүргізіліп, құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді бүгін таңғы сағат 10.00-де Асы үстіртінің оң жағынан Түрген шатқалына апаратын аймақтан тапты. Олардың барлығы аман, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Саңырауқұлақ терушілер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешке қарай шатқалдан түсе алмай, көлікте түнеу туралы шешім қабылдаған. Отбасы қауіпсіз жерге жеткізілді. Туристер құтқарушыларға алғысын білдірді, - деп хабарлады ведомстводағылар.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)