707

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлады smartnews.kz сайты.

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
stan.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау – Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлігі мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның зайыбы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.