Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп, мерт болды
Ақмола облысында су сорғысын жөндемек болған ер адамды тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, ер адамның мерт болғандығы туралы Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.
«Жедел тергеу тобы анықтағандай, 1988 жылғы ер адамға су сорғыны жөндеу кезінде тоқ соққан. Осы дерекке байланысты сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.