Жамбыл облысының полицейлері есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі

14.08.2023, 20:11
661
Жамбыл облысының полицейлері есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі polisia.kz

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шу ауданындағы жабайы қарасора өсетін алқаптарда аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен Шымкент қаласының 41 жастағы тұрғыны мен Түркістан облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жамбыл облыстық полиция департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, тінту кезінде ерекше иісі бар өсімдік тектес зат бар үш полиэтилен қап тәркіленген. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 9 кг 880 гр кептірілмеген марихуана мен салмағы 10 кг 730 гр болатын каннабис есірткі заты алынған.

«Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды