Солтүстік Қазақстан облысында төрт жыл бұрын жоғалып кеткен адамның қаңқасы табылды

15.08.2023, 15:20
1289
Солтүстік Қазақстан облысында төрт жыл бұрын жоғалып кеткен адамның қаңқасы табылды stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысының орманынан төрт жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның қаңқасы табылды.

"3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Налобино ауылы маңындағы орманда жергілікті тұрғындар жидек теру кезінде адам қаңқасының қалдықтарын тапты. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, орманнан табылған қалдықтар Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғынына тиесілі", - делінген хабарламада.

Анықталғандай, 2019 жылдың 31 тамызында ер адам үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған. Полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздестіру шараларын жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Егер адам жоғалып кетсе не істеу керек?

Gov.kz порталында көрсетілгендей, адам жоғалып кеткен кезде бірінші кезекте 102 нөмірін теру арқылы полицияға хабарлау немесе жақын жердегі бөлімшеге келуі керек.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мына деректер қажет:  

хабарсыз кеткен адамның жеке деректері - аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шашының түсі, мең, тыртық немесе татуировка түріндегі арнайы белгілер;
адамның жоғалып кеткен кездегі жағдайы туралы мәліметтер.

Полиция адамның келмеу ұзақтығына және болжамды хабар-ошарсыз кеткен жеріне қарамастан өтінішті дереу қабылдауға және тіркеуге міндетті. Мұндай өтінішті беру үшін ешқандай мерзім жоқ.

Адам жоғалып кеткеннен кейін үш күннен соң ғана өтініш беруге болады деп ойлау қате.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды