Журналист Сандуғаш Дүйсенова Жетісу облысы шенеуліктерінің былығын әшкереледі

16.08.2023, 16:38
597
Журналист Сандуғаш Дүйсенова Жетісу облысы шенеуліктерінің былығын әшкереледі ашық дереккөзден

Облыстағы шенеуліктер көпбалалы аналарға бөлінген 500 үйді туған-туыстарына таратып бергенін мәлімдеді. Бұл туралы  smartnews.kz сайты хабарлайды.

Жетісу облысын басқарушыларды Orda News Youtube арнасына берген сұхбатында аяусыз айыптаған журналист аталған айыпты сөзін Антикор растай алатынын жеткізді.

Журналистің айтуынша, ол маусым айынан бері Антикорға арыз жазған. Өзінде бар тізімде облысты басқарған әкімдер, олардың орынбасары мен аудан әкімдері бар көрінеді. Дүйсенованың сөзінше, шенеуліктер қызмет үшін берілген үйлерді кеткен кезінде де қайтармаған.

- Мысалы, біреуінде үш пәтер бар. Ал Панфилов аудан басқарған Т.Ө Алматы облысы әкімінің кеңесші болып жүргенде алған үйін қайтармаған. Одан бөлек, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтарға «Шаңырақ» бағдарламасымен 500 үй бөлінген. Оның шенеуніктер өздері бөліп алған. Өз туыстарына берген, - дейді журналист.

Құжат жүзіндегі дәлелдерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне табыстаған Сандуғаш Дүйсенова «Шаңырақ» бағдарламасымен мұқтаж азаматтарға берілуі тиіс үйлер талан-таражға түскен. Бағдарлама бойынша бір бөлмелі үйдің құны 104 миллион теңгені құраған. Шенеуліктер ол үйлерді құда-жекжат, туған-туыстан бөлек, көңілдестеріне сыйға берген.

Сондай-ақ журналист осы арызының нәтижесінде, Антикор тексеріс жүргізіп, кейбір шенеулікті түрмеге тоғытқан.

Бұған дейін, 2022 жылы Талдықорғанда 1062 баспана заңсыз табысталғаны белгілі болды. Одан бөлек, Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Мәди Шәкенов Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлік жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ 15 тамыз күні Бас прокуратураның баспасөз қызметі Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол