Канар аралдарындағы өрт: 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды

18.08.2023, 20:21
423
Канар аралдарындағы өрт: 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды pixabay.com

Бейсенбіде өрт сөндірушілер Испанияның Тенерифе аралындағы ұлттық саябақта ыстық, құрғақ ауа райында шыққан орман өртін тоқтату үшін күресті. Күні бойы 3000-нан астам адам эвакуацияланды. Тенерифедегі өрт соңғы 40 жылдағы Канар аралдарындағы ең күрделі өрт болып отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Аралда демалыс күндері ауа температурасы көтерілуі мүмкін. Жел бағытының өзгеруіне байланысты өрт сенбі күні таңертең солтүстік-шығыстан Тенерифенің батысына қарай жылжуы мүмкін.

Аралдың апаттық-құтқару қызметінің жетекшісі Педро Мартинестің айтуынша, өрттің таралуы баяулаған. Түні бойы 200-ге жуық өрт сөндіруші жұмыс істейді.

«Көшеге шыққанда тұншыға бастайсыз. Тамағыңызға бірдеңе тұрып қалғандай», - деді Ла-Эсперанса ауылының тұрғыны 37 жастағы Альба Хиль. 

Билік жергілікті тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. 
Сәрсенбіде басталған өрт кем дегенде 3273 гектар жерді шарпыды.
Осы жазда аптап ыстық пен құрғақ ауа райы Еуропа мен Канаданың батысында қатты орман өрттерін тұтандырды. Гавайидегі Мауи аралы да кем дегенде 106 адамның өмірін қиған орман өртінен зардап шекті, ондаған мың адам эвакуациялануға мәжбүр болды және тарихи Лахайна курорттық қаласы жойылды.

Ғалымдардың айтуынша, мұның бәрі климаттың өзгеруінен болып жатыр.
Өртті сөндіруге 17 ұшақ, 350 өрт сөндіруші мен әскери қызметші тартылды.

Екі Тенерифе әуежайы қалыпты жұмыс істеп жатыр.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)