Балаларымыздың тілі жаппай орыстануына не кінәлі?

19.08.2023, 17:28
1176
Балаларымыздың тілі жаппай орыстануына не кінәлі? osken-onir.kz

Қазір кішкентай бүлдіршіндеріміз қазақша түсінсе де, сөйлемейді. Бұған кім немесе не кінәлі? Мәселе туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қоғамдағы және әлеуметтегі өзекті мәселенің бірегейі - тіл болып тұр. Тілі орыстанған балаларымыз көп. Оған не себеп?

Көп ата-ана ұл-қызының қазақ тілінде сөйлеуге құлықсыздығын телефон мен әлеуметтік желінің кесірі деп көреді. Бірақ баланың қандай контентті тұтынып, қандай желі қолданып жатқанын ата-ана қадағалауы керек. Десе де, қазір бала тәрбиесін телефонға жүктеген жұмысбасты ата-ана көп.

Аталған мәселеге қатысты Астанадағы №65 мектеп-гимназия директорының орынбасары Майра Мырзахметова былай дейді:

- Шілде айында Астана қаласында өзім істейтін мектепте директордың міндетін уақытша атқарып отырдым. 1-сыныптар бойынша 6 қазақ сыныбы, 6 орыс сыныбы ашылды бізде. Қазақ сыныптарына балаларды көбейту керекпіз, орыс сыныбына бала алуды тоқтатыңдар деген тапсырма келді жоғарыдан. Құжат тапсыруға 10 күн қалғанда қаншама ата-аналар келді орыс сыныбына береміз деп. 80 пайызы өзіміздің қазақтар, - дейді жеке Facebook парақшасында.

Майра Мырзахметованың жазуынша, ата-аналар балаларын өздері орыс сыныбына беруге құлықты екен.

- Түсіндіріп көрдім, "алмаймыз, орыс сыныбына бала алуды тоқтатты" десем де балағаттап, неше түрлі сөздерді айтты. Есігімді теуіп қорқытып кеткендер қаншама. Бұл жағдай жүректі ауыртты... Балам сөйлей алмайды, балабақшада үйренбеді деп ақталады көбісі. Сіздер ше десем, біздің уақытымыз жоқ баламен сөйлесуге, телефоннан үйреніп алған дегенде не айтарымды білмедім...-  деп қынжылды маман.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды