Автобусты бүлдіріп қойған қарияны қорғау үшін жас қыз жейдесімен еден сүртті (ВИДЕО)

19.08.2023, 18:07
12418
Автобусты бүлдіріп қойған қарияны қорғау үшін жас қыз жейдесімен еден сүртті (ВИДЕО)

Желіде жұртты сүйсіндірген жас қыздың қарияны қорғау үшін автобус еденін сүртіп жатқан видеосы тарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Автобусқа мінген қария байқаусызда тосап төгіп алған. Оның мұнысын көрген орта жастағы жолаушы әйелдер қарияны айыптай бастаған. Автобус едені бүлінгені үшін қарияны жерден алып, жерге салып жатқанда, жас қыз күтпеген жауап қайтарды.

Белгісіз әйел "Анау төгілгеннің бәрін кім жөндейді?" деп шамданғанына, қыз "Мен жөндеймін. Бұлай болмайды, адамгершілік болуы керек қой", деп жауап қайтарып, еденде төгілген тосапты үстіндегі жейдемен сүрте бастайды. Мұны көрген жолаушылар қызды балағаттайды.

Ал желі қолданушылары керісінше, жас қыздың бұл ісін бір ауыздан қолдап, оның бұл әрекетіне таңданып жатыр. Бейнежазбаның астындағы пікірлерде қолданушылар "Қандай ақылды қыз, бәріне қарсы шықты!”, “Өмір жолында жақсы адамдар көп болсын!", “Бәріміз бір күні қартаямыз, ата жамандық жасамады” деген тілегін жаудырды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады