"Бірнеше жігіт қызды зорламақ болған": Ақтау полициясы желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

21.08.2023, 15:41
647
"Бірнеше жігіт қызды зорламақ болған": Ақтау полициясы желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді stan.kz

Ақтау полициясы пәтерде бірнеше ер адамның бойжеткенді зорламақ болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл жайлы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Желіде тараған жазбаға сүйенсек, оқиға Green Plaza тұрғын үй кешенінде орын алған. 

"Қыз пәтерден шығып үлгірген, тор арқылы жүгіріп, төменгі қабатқа секіріпті. Ер адамдардың бірі ұсталды, қалғандары қашып кеткен. Қыздың қолы көгеріп қалған, бұл видеоны таратыңыздаршы", – делінген жазбада.

Ал полиция департаменті бұл деректі жоққа шығарды. Тексеріс кезінде мұнда ер адам мен 21 жастағы қыздың арасында жанжал туындапты. 

"2023 жылдың 20 тамыз күні сағат 22:39 шамасында Ақтау қаласы полиция бөлімі жедел басқару орталығының 102 пультіне көмек сұраған қыз баладан шақырту келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға бірден учаскелік полиция инспекторы барды. Белгілі болғандай, ер адам мен азаматша өзара түсініспеушіліктің нәтижесінде бір-бірімен сөзге келіп қалып, арты ұрысқа ұласқан. 30 жастағы азамат пен 21 жастағы азаматша Ақтау қаласы полиция басқармасына жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – делінген хабарламада. 

Полиция екеуінің бір-біріне арыз-шағымы жоқ екенін мәлімдеді. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды