Жүк көлігінің тежегіші істен шыққан: Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол апаты салдарынан бірнеше көлік соқтығысты

21.08.2023, 18:08
891
Жүк көлігінің тежегіші істен шыққан: Алматыда Әл-Фараби даңғылында жол апаты салдарынан бірнеше көлік соқтығысты stan.kz

Алматыда Әл-Фараби даңғылының қиылысында жол апаты орын алып, өзге көліктердің қозғалысына кедергі жасады. Куәгерлердің айтуынша үлкен жүк көлігі жолдан шығып, бірнеше автокөліктер соқтығысқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Видео кадрларында куәгерлер даңғыл бойында көліктерді кептеліп қалғанын көрсеткен. 

“Әл-Фараби даңғылында камаздың тежегіші істен шығып, қарама-қарсы жолға шығып, жол жиегін бұзған. Бірнеше көлікті сырып өткен”, – дейді видео авторы. 

Тағы бір куәгер фураның қарама қарсы жолға қалай шыққанын көргенін айтқан. 

Апатқа байланысты Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеме берді. Деректерге сай жол апатын тудырған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі екен. 

“21 тамыз күні сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Алматы қаласы Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан”, – делінген полиция хабарламасында. 

Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады