«Болашақтың архитекторлары» қорының жетекшісі Марат Әбиев 7 жылға сотталды

21.08.2023, 19:16
554
«Болашақтың архитекторлары» қорының жетекшісі Марат Әбиев 7 жылға сотталды canva.com

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Архитекторы будущего» заңсыз қорының негізін қалаушы Марат Әбиевке үкім шығарды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қалалық сотқа сілтеме жасап.

Ә. қызметі азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттер жасауға ынталандырумен ұштасатын қоғамдық бірлестікті (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратумен айналысқан қоғамдық бірлестікті құрды және оған басшылық жасады (ҚК 274-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) деп айыпталды.

2019 жылы Ә. ауыл шаруашылығын дамыту, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды, оның ішінде тұқым шаруашылығын өсірумен айналысатын компания құрған.

2020 жылдың мамыр-маусым айларында ол Канададан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының егістіктеріне егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын әкелді.

2020 жылдың тамыз айында нақты өнімділікті білмей тұрып, егін жинауға дейін өз компаниясының тиімділігі жайында жалған түсінік қалыптастыру мақсатында Ә. «Архитекторы будущего» фильмін түсірді.

Бұл фильмде 35-50 ц/га көлемінде бидай егінінен орасан зор нәтиже алу туралы көрінеу жалған ақпарат айтылған, бұл Қазақстан бойынша өнімділіктің 400 пайызына жоғары.

Алайда, 2020 жылы нақты жиналған бидай өнімі тек 11,44-тен 20,4 ц/га-ға дейін болды.

2020 жылдың қыркүйегінде Ә. аталған фильмде таратылатын ақпараттың жалған екенін түсіне отырып, оны YouTube-ке жариялады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қазан айында ол мемлекеттік органдарға өз компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін егістік жер беруді талап еткен.

Осы өтініште ол сондай-ақ Солтүстік Қазақстан бойынша көрсеткіштен 4 есе асатын Канададан алынған тұқымдар негізінде қол жеткізген өнімділігі туралы көрінеу жалған ақпарат көрсетті.

Бұдан әрі Ә. 2021 жылғы қаңтарда ҚР бойынша 15-тен астам филиал аша отырып, «Genezis» қауымдастығын («Архитекторы будущего» қоры) заңды тіркеусіз құрды.

Осы бірлестіктің қызметі аясында Ә. Үкіметке 5 млн гектар жер беруді талап етіп, петицияға қол жинаған.

Барлығы 300 мыңға жуық адам адасып, петицияға қол қойған.

2022 жылғы 8 мамырда тегін концерт түрінде митинг өткізу мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Genezis» бірлестігінің қатысушыларын Астана қаласына шақырған.

Алайда, іс-шара өткізілген жоқ.

Әрі қарай, 2022 жылдың 26 қарашасында Ә. Астана қаласындағы түнгі клубта 300-ден астам адамды жинап, онда «Архитекторы будущего» фильмін көпшілік алдында көрсетіп, өз жобасын мақұлдауды талап ету мақсатында жиналғандарды Ақорда бағытында митингке шығуға шақырды.

Заңсыз акцияға қатысушыларды құқық қорғау органдары ұстады.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, мамандардың қорытындысымен, жүргізілген сараптамамен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен Ә. ҚК 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында, 404-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестік құру және басқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазаны жеңілдететін мән-жай - жас балалары бар және бұрын сотталмаған. Ауырлататын мән-жай жоқ.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді