Атырауда діни кітаптар сатқан әйел жауапқа тартылды

22.08.2023, 18:28
440
Атырауда діни кітаптар сатқан әйел жауапқа тартылды canva.com

Атырауда полиция діни кітаптар сатқан 30 жастағы тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды ұстады. 30 жастағы әйелден діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді.

Полиция әйелдің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.

Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) айыппұл салынды. 

Тәртіп сақшылары «Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, діни әдебиетті, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тек діни ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда сатуға рұқсат берілетінін ескертеді.

5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды