458

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жолаушы әйел қаза тапты

Бүгін сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жолаушы әйел қаза тапты
polisia.kz

Салдарынан ВАЗ-да отырған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.