Жамбыл облысында жол апатынан көз жұмған жеткіншектер көбейген

24.08.2023, 09:14
475
Жамбыл облысында жол апатынан көз жұмған жеткіншектер көбейген canva.com

Биыл Жамбыл облысында 7 айда облыс аумағында болған жол-көлік оқиғаларының саны 35,9 пайызға төмендегенімен, жасөспірімдер мен балалардың жол апатынан көз жұму дерегі азаймай тұр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Өңірде жасөспірімдер мінген көліктің жол апатына ұшырауы 27,4 пайызға, жарақат алғандар балалар саны 33,5 пайызға, ал қаза тапқан жеткіншектер қатары 46,2 пайызға артқан.

Ал жалпы жол апатынан қаза болғандар саны 18 пайызға, жарақат алғандар 39 пайызға төмендеген. Бұл туралы Полиция департаменті ЖПҚБ жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы-полиция подполковнигі Болат Ізбасаров журналистермен өткен брифингте мәлімдеді.

«Биыл республикалық маңыздағы автожолда 37 жол-көлік оқиғасы болып, 6 жасөспірім қаза тапты және 52 жасөспірім дене жарақатын алды. Ал жергілікті маңыздағы автожолда 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8 жасөспірім қаза болды және 11 жасөспірім дене жарақатын алды. Көше жол желісінде 128 жол апаты болып, онда 5 жасөспірім көз жұмды және 149 жасөспірім дене жарақатын алды», – деді Болат Ізбасаров.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды